Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Замира "Қалаулымнан" кетті

13.04.2018 | 09:56
Замира

"Қалаулым" бағдарламасының атышулы қатысушысы Замира Сұлтан жобадан кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында бағдарламаның фан парақшаларында айтылды. "Мен жақсы адам болғаннан кейін эмоцияға қатты берілемін. Менің көбінесе жаман жағымды білесіздер. Бірақ мен жақсы, қарапайым қызбын. Жасым 30-ға келді. Өзіме адал жар іздеймін. Бұл жобадағы пиарщиктерден шаршап кеттім. Бай болмай-ақ қойсын. Менімен бірге бақытты болатын жанды іздеймін”, – деді көзіне жас алған келіншек.Айта кетейік, Замира Сұлтан "Қалаулым" бағдарламасындағы ең шулы қатысушы болды. Оның эфирдегі ерсі әрекеттері елдің наразылығын тудыратын еді.

pogudx2827gluc1t9.b52191c0

 
Көрілді: 969
Жаңартылған: 13.04.2018 | 10:06
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет