Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Тарихтың тамыршысы"

03.04.2018 | 09:43

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, журналист Шойбек Орынбайдың 65 жасқа толуына орай «Тарихтың тамыршысы» атты әдеби кездесу кеші өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға атсалысып, рухани жаңғыру заманында Төле бидің ұлағатын жаңғыртып жүрген  қаламы қарымды жазушы, журналист, бірнеше пьесалардың авторы, «Құрмет» орденінің иегері,  «Жалын» конкурсының бірнеше дүркін жүлдегері Шойбек Орынбайдың әдеби  кешіне өмірдегі үзеңгілес достары  Жеңісбек Мәуленқұлов, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург Сая Қасымбек, ОҚО мәслихаты аппарат басшысының орынбасары Хамит Оңласұлы, ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқарма басшысы міндетін атқарушы Гауһар Әкімқызы, Ж. Омарова атындағы № 1 балалар саз мектебінің директор орынбасары Қалмахан Қалтайұлы бастаған «Мұрагер» домбырашылар ансамблі мен облыстағы кітапхана басшылары, өнерпаздар мен оқушылар қатысты.
Кешті қаламгер,халықаралық  «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, елімізге белгілі жазушы Мархабат Байғұт жүргізді.
Шара барысында Ш.Орынбайдың жастық шағын бейнелейтін видеоролик көрсетіліп, жиынға келген қонақтардың қаламгерге деген ыстық лебіздері кішкентай жүрекшелерге жазылып, арнайы жасақталған «ЛҮПІЛдеген жүректен шыққан ыстық лебіздер» тақтайшасына орналастырылып, әріптестік, достық ыстық лебіздер айтылды.
Кітапхана қызметкерінің сомдауымен Ш.Орынбайдың «Қилы заман немесе Төле би тағдыры» романынан әдеби композиция қойылып, концерттік бағдарламаға ұласты.

 
Көрілді: 838
Жаңартылған: 03.04.2018 | 09:58
Категориялар: Мәдениет, Мәдениеттегі басты жаңалықтар