Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ерлан Біләл: Наградаларымнан айырмаңыздаршы

28.03.2018 | 15:12
Ерлан Біләл: Наградаларымнан айырмаңыздаршы

Мұхтар Әуезов атындағы драма театрдың бұрынғы директоры соттан мемлекеттік наградаларынан айырмауды сұрады.

Биыл ақпан айында пара алғаны үшін айыпталып, үкім шығарылған Ерлан Біләл сот шешіміне апелляциялық шағым берді. Ол соттан мемлекеттік наградаларынан айырмауды сұрады, деп хабарлайды BNews.kz.

Ерлан Біләл апелляциялық шағымды Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқановтың атына жолданды.

Сонымен қатар, Ерлан Біләл ақша талап еткен "Сезам" театрының басшысы Қайрат Баянов та апелляциялық шағым берді. Баянов келтірілген моральдық нұқсанды өндіру мақсатында 1 млн теңге төлеуді сұрады. Айта кетейік, ол бұған дейін де аталған соманы келтірілген нұқсанның өтемі ретінде сұраған.

"2018 жылдың 11 ақпанында жәбірленуші Қайрат Баяновтан Алматы аудандық сотының 2018 жылдың 7 ақпанында Біләлов Ерлан Әбділдаұлына қатысты қылмыстық іс бойынша шығарған үкіміне апелляциялық шағым түскен. 2018 жылдың 15 наурызында іс Алматы қалалық сотының алқасына қарауға жолданды", - деп хабарлады Алматы қалалық сотында.

Сотта сондай-ақ, істі қарау күні мен уақыты кейінірек белгілі болатынын айтты.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 25 қаңтарында Алматыда Қазақ мемлекеттік академиялық театрының директоры Ерлан Біләлға қатысты сот отырысы басталған болатын. Ол "Сезам" қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының жетекшісінен 2017 жылдың 23 желтоқсанынан 2018 жылдың 7 қаңтары аралығында жаңа жылдық театрландырылған қойылымдар өткізу үшін жалпы 1,5 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталды.

2018 жылдың 7 ақпанында Алмалы аудандық сотында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлға үкім шығарылды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріне мемлекетке пара алған сомадан 35 есе артық, яғни 52 500 000 теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Оның мүлкі тәркіленбейтін болды. Сот оны өмір бойы қандай да бір мемлекеттік қызмет атқару құқынан, сондай-ақ "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағынан және "Құрмет" орденінен айырды.

00001

 
Көрілді: 981
Жаңартылған: 28.03.2018 | 15:19
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет