Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қайрат Нұртас төрт баласын елге таныстырды

20.03.2018 | 09:39

Иә, Қайрат Нұртастың жұрттан жасыратын құпиясы қалмады! Былтыр қазан айында халыққа заңды жұбайын көрсеткен хитмен әнші күні кеше төрт бірдей баласын сахнаға алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

19 наурыз күні Астана қаласындағы орталық концерт залында Қайрат Нұртастың отбасылық жеке кеші өтті. Онда Қайрат жұбайы Жұлдызбен “Махаббатым” әнін шырқады. Сондай-ақ, кешке келген қонақтарға төрт бірдей перзентін таныстырды.

Бұған дейін бейресми деректерде Қайраттың төрт баласы бар екені айтылып келді. Расында солай болып шықты. Сонымен, Қайраттың тұңғышының есімі – Сезім.

9 жасар жеткіншектің соңынан ерген Алау есімді сіңлісі, Нарұл, Хан есімді інілері бар.

Көпшіліктің пікірінше, үйдің үлкені мен кенжесі Қайратқа, ал ортаншы екеуі Жұлдызға ұқсайды.

236

 

 

 
Көрілді: 1242
Жаңартылған: 20.03.2018 | 09:50
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет