Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Ата сақалы аузына түскенде неге өтірік айтады?»

16.02.2018 | 10:02

      Ақпанның 12-сі күні Алматыда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының VI пленумы өтті. Жиынды одақ төрағасы Нұрлан Оразалин ашып, алдағы құрылтайда одақ төрағалығының сайлауына түспейтінін мәлімдеді.

 -Бесінші съезде сайлауға түспейтінімді тағы да қайталап айтамын, – деп, кесіп айтты Н.Оразалин.

     Пленумда сөз алған қаламгерлер Жазушылар одағының қазіргі ахуалы туралы біраз пікір таластырды. Қарама-қайшы сөздер де көп айтылды. Жиында белгілі жазушы Дулат Исабеков   "Қазақ әдебиеті" газеті менің жақсылықтарым туралы жарты сөз қимады" деп айтқан еді. Осыдан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан Фейсбуктегі парақшасында аталған басылымда Дулат Исабеков туралы жарияланған мақалалардың суретін жариялап, былай деп жазды:

     "Қазақ әдебиеті" газеті менің жақсылықтарым туралы жарты сөз қимады" соқты аса қадірлейтін Дулат Исабеков ағам. Ата сақалы аузына түскенде неге өтірік айтады, біздің ақсақалдар? Осы үш мақала да мен қол қойған газетте шыққан...»

Пленумға қатысушылар басым дауыспен Жазушылар одағының кезекті құрылтайын 12 наурызға белгіледі.

 

Б.Ерназар

"Рейтинг" газеті, 2018 жыл

 

 
Көрілді: 1683
Жаңартылған: 16.02.2018 | 10:07
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет