Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қабатовтың ұсынысын Тоқаевтің өзі қолдады

12.12.2017 | 13:14
Қабатовтың ұсынысын Тоқаевтің өзі қолдады

Актер Тұрсынбек Қабатовтың бастамасы парламентте қолдау тапты. “Әзіл әлемі” театрының басшысы домбыра үйрену сабағын мектепте пән ретінде оқыту керектігін айтып, ұсыныс жасаған-ды. Парламент сенатының төрағасы Қабатовтың ұсынысына қатысты пікірін Twitter-дегі парақшасында білдірді деп жазады Stan.kz. “Белгілі әртіс Тұрсынбек Қабатов мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабақтарын енгізуді ұсынды. Факультатив ретінде енгізуді қолдаймын”, – деді Тоқаев.

 
Көрілді: 613
Жаңартылған: 12.12.2017 | 13:17
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет