Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Франция халқы Димаштың өнерін құрметтейді

09.08.2017 | 10:02
Франция халқы Димаштың өнерін құрметтейді

    Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында екі елдің арасындағы мәдени байланысқа тоқталды. Елші мырза Димаш Құдайбергеннің өнеріне деген француз халқының ерекше ықыласын жеткізді. Оның дауысын құбылысқа теңеп, әлемде миллиардтаған көрермені бар екенін айтып өтті, деп хабарлайжы Baq.kz ақпарат агенттігі.

    − Франция Батыс елдерінің арасында ең алғаш болып, Қазақстанның егемендігін мойындаған мемлекет. 1992 жылдың қыркүйегінде Президент Назарбаевтың Парижге ең алғашқы ресми іссапары барысында Қазақстан мен Франция екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы жайында протоколға қол қойды. Сол жылдардан бері үнемі үкіметаралық және ведомоствоаралық консультациялар ұйымдастырамыз, келесі үкіметаралық комиссия биыл 7 қыркүйекте Астанада өтеді деп жоспарлануда, - деді Франция елшісі Франсис Етьен.

   Сондай-ақ, елші сөз арасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің талантына француз халқы да тәнті екенін атап өтті.

   Айта кетейік, «Франция мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланысқа 25 жыл» атты баспасөз мәслихатында Қазақстан мен Франция арасындағы саясат, экономика, мәдениет салаларында тығыз әрі мазмұнды ынтымақтастық туралы айтылды. Қазақстан 2008 жылдың маусымында Франциямен стратегиялық серіктестік орнатқан Орталық Азиядағы жалғыз ел.

 
 
 

 

 
Көрілді: 283
Жаңартылған: 09.08.2017 | 10:09
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет