Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Туған жер-алтын бесігім" облыстық фестивалі аясында Арыс қаласының Шымкенттегі күндері өтті

08.08.2017 | 14:52

 

"Туған жер - алтын бесігім" облыстық өнер фестивалі аясында Арыс қаласының Шымкенттегі күндері өтті.  Шаһардағы Əл Фараби алаңында  ауылшаруашылық  өнімдері  аясында  мерекелік керуенмен ашылу салтанаты өткен шарада аудан өнерпаздары өнер шашуын шашып, фестиваль Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында "Өз өлкеңнің сырын аш" атты кітапханаға саяхат жəне Орталық саябақтағы "Дала дауысы" термешілер концертіне ұласты. 

            Фестивальді облыстық мəдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы жəне Арыс қаласының əкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы құттықтау сөзбен ашып берді. 

      Сонымен қатар, облыстық əзіл-сықақ жəне сатира театрында Арыс қаласының "Халықтық көркемөнерпаздар ұжымы" драма үйірмесі жазушы, драматург Д.Исабековтің "Құстар фестивалі" қойылымымен театр сүйер көрерменге əділеттілік пен шынайылық, өнерге деген берік махаббат жөнінде ой салды. 
            Күн бойына қаладағы мəдениет ошақтарында өнер думанын ұсынған арыстық өнерпаздардың кеші Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда Арыс қалалық Ж.Байғұтиева атындағы өнер мектебінің концерттік бағдарламасына ұласып, "Арыс сазы" халық аспаптар оркестрі жəне көптеген өнерпаздар жергілікті композиторлардың шығармаларымен əсем əндерді əуелетті. 
             Шарадан Арыс қаласының ардагерлері де құр алақан қалмады. Абай саябағында өзге ұлт өкілдері мен ардагер өнер иелері жанды дауыста концерттік бағдарлама беріп, вальс падишасы Ш.Қалдаяқовтың əндерін əуелетті. 
              "Самғатқан сан қыранды туған өлкем" анықтамалық - ақпараттық, танымдық жинақ кітабының тұсаукесері де айтулы күнде кесілді. Арыста туған дарынды ұл-қыздар жəне аймақтың жалпы тарихынан сыр шертетін жинақ жөнінде мағлұматтар беріліп, жиынға қатысқан мəдениет жəне руханият өкілдері қала халқымен пікірлесті. 
Фестивальде қолөнер бұйымдарының көрмесі де орналастырылды. 
Арыс қаласының Шымкенттегі күндері өнерпаздар ұсынған Гала-концертпен қорытындыланды. 
                Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған "Туған жер-алтын бесігім" облыстық өнер фестиваліне облыстың барлық аудан, қалалары қатысып, аймақтың мəдени, рухани, ауылшаруашылық тыныс-тіршіліктерін қала халқына паш етеді. 
               

 

 
Көрілді: 350
Жаңартылған: 08.08.2017 | 15:10
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет