Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Оңтүстікте қанша киелі орын бар?

08.08.2017 | 11:42

 

Оңтүстік Қазақстан облысында киелі орындардың тізімі жасақталып жатыр. Олардың ішінен республикалық маңызы бар және жергілікті деңгейдегі сакралды орындарды іріктелініп алынуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде өңірде тарихшы ғалымдар мен өлкетанушылар және мәдениет саласы мамандарынан тұратын арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Аталған комиссия өңірдегі қасиетті, киелі орындарды анықтау үстінде. Ол жерлер сәулеттік-архелогиялық ескерткіштер, зиярат (ғибадат) ету орындары саналатын діни нысандар, тарихи тұлғалар және саяси оқиғалармен байланысты киелі орындар, табиғи-ландшафтты нысандар деп бөлініп, қаралуда. Нәтижесінде анықталған 38 қасиетті, киелі орын республикалық маңызы бар тізімге енгізілмекші. Ал, жергілікті деңгейдегі киелі орын ретінде 66 нысан анықталып отыр. Енді оңтүстіктегі сакралды орындардың нақты тізімі республикалық арнайы комиссия қорытындысы негізінде бекітілетін болады. Айта кетер жайт, комиссия мүшелері киелі орындарды анықтауда жергілікті халықтың да пікірін білгісі келеді. Осы ретте тұрғындар өз пкірі-ұсыныстарын жобалық кеңсенің электрондық поштасына (Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) жолдауларына немесе (87252) 30-07-88 телефонына хабарласуларына болады.

 

 
Көрілді: 272
Жаңартылған: 08.08.2017 | 11:49
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет