Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Кенесарының қылышын ЭКСПО-ға алып барады

04.08.2017 | 16:38
Кенесарының қылышын ЭКСПО-ға алып барады фото: Азат Дидарбек

 

       

«ЭКСПО-2017»  Халықаралық мамандандырылған көрме аясында  Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы мәдениет күндері 29 тамыз- 3 қыркүйек аралығында өтеді. Осы шараға Шымкенттегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұрған Кенесарының қылышын апару жоспарланып отыр.

Қылышты мұражайға 1931 жылы Кенесары Қасымұлының немересі Әзімхан Ахметұлы өз қолымен әкеліп тапсырған. Қылыш темірден жасалған, жүзінің ені 3-4 см, ескі тот басқан. Басы бір жүзді болып соғылған, сыртына қарай қайқы болып келетін қылыш. Тарихи деректерге қарағанда   Кенесары ордасындағы сыйлы адамдар мен әскербасылар дәл осындай қызыл қынапты қылыш асынған.

 

 

 
Көрілді: 403
Жаңартылған: 04.08.2017 | 16:40
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет