Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Көрермен Әйгерім Сейфолладан эфирден кетуін сұрады

02.08.2017 | 12:29
Көрермен Әйгерім Сейфолладан эфирден кетуін сұрады

Астана арнасындағы "Сырласу" бағдарламасының жүргізушісі Әйгерім Сейфолла өзін Instagram желісінде қатаң сынап, теледидардан кетуге кеңес берген оқырманының пікірін жариялап, жауап жазды деп хабарлайды NUR.KZ. 

Оқырман оған "Сырласудан кетіңіз, оған лайық емессіз! Жүргізе алмайсың. Халық пен адамдардың жүрегінен жол таба алмайсыз. Нашар, өз басым ұнамайсың. Сөйлеген сөзіңіз шынайы емес, жүректен шықпайды. Өзінше тәккапарсың, көкірексің. Сіздің орныңыз сән сахнасында. Өз өзіңізді биік сонда көрсетесің",-деп жазады.

"Бір түрлі жүрегім дір етті, мүмкін қазір жаралы арыстандай боп жүргендіктен шығар, әйтеуір, қатты әсер етті. Сүйікті жұмысымды тып-тыныш,барынша адал атқарып нанымды тауып,балапандарымды асырап жүрген жайым бар. Ешқандай аға-көкем, артық ақшам жоқ.

Әуелі Аллаға, сосын өзіме ғана сенемін! Қай жаққа барсам да құшақ жая қарсы алып,батасын,жылы сөзін төккен жандарды көремін. Бірақ, кейде осындай пікірлерді оқып,біртүрлі жаман боп қаласың!",-дейді өзіне қатаң пікір жазған қызға.

Ол өзі жүргізген бағдарламаны ұнатпайтындар болса, көрмей-ақ қоюларын өтінді.

"Мен жалғыз, сіздер көпсіздер, бәріңіздің көңілдеріңізден шығу өте қиын! Ұнамасам өтініш менің парақшамды оқып, мен жүргізген бағдарламаны көрмей-ақ қойыңыздаршы! Айтпақшы, менің орным сән саxнасында емес журналистикада екенін білемін! Сәнқой емеспін!", - деп жазады ол оқырманына.
 
Көрілді: 3374
Жаңартылған: 02.08.2017 | 12:34
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет