Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Айман Мұсаходжаеваны Сара Назарбаевамен шатастырып алды

24.07.2017 | 15:52
Айман Мұсаходжаеваны Сара Назарбаевамен шатастырып алды

Америкалық басылым қазақстандық скрипкашы Айман Мұсаходжаеваны Сара Назарбаевамен шатастырып алды.

Голливуд актері Николас Кейдж бен Айман Мұсаходжаеваның бірге түскен суретін nydailynews.com америкалық сайты бірінші болып жариялады. Олар Айман Мұсаходжаеваны Сара Назарбаева деп жазған. Бұл сайттың қателігін байқамаған huffingtonpost.co.uk сайты да ақпаратты көшіріп басқан.

Николас  Кейдж суретке “Еуразия” кинофестивалі кезінде ұлттық киіммен түскен.

Әлемдік киноның жұлдызына айналған жаннан қазақ елі де сый-құрметі мен марапатын аяп қалмай, үстіне бағалы шапан жапқан.

Үстіне қазақтың шапанын киген Николас Кейдж интернетте жаппай әзіл суретке арқау болды.

 

Дереккөз: Stan.kz

 
Көрілді: 658
Жаңартылған: 24.07.2017 | 15:55
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет