Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Төреғали Еркеден кешірім сұрады

17.07.2017 | 10:54
Төреғали Еркеден кешірім сұрады

Төреғали Төреәлінің соңғы туындысын естіген жұрт “Әнші Ерке Есмаханнан ән арқылы кешірім сұрады” деп шулап жатыр. Бұл  жөнінде stan.kz жазады. Көпшілік әншінің бұл әрекетін қоштап, жылы лебіздерін білдірді. Десе де, бұл әннің нақты кімге арналғаны әзірге белгісіз.

Төреғали Төреәлі инстаграм желісіндегі парақшасында “Ерке қыз кешір” атты жаңа әнін бөлісті. Аталған туындының атына қарап көпшілік оны Ерке Есмаханға арналды деген пікірді ұстануда. Еркенің өзі де аталған әнді бөлісіп, тұсына “Кешірдім…” деп жазып қойыпты.

Желі қолданушыларының аталған әнге қатысты пікірлерге екіге бөлінді. Бірі мұны пиарға баласа, екіншілері, расымен де, Ерке Есмаханға арналғанына сенімді. Арасында әнді жоғары бағалап, әншіге жылы лебізін білдіргендер болды.

 
Көрілді: 741
Жаңартылған: 17.07.2017 | 10:56
Категориялар: Басты жаңалықтар, Мәдениет