Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Тағы бір қазақстандық бокстан әлем чемпионы атанды

Енді 81 келіде Вадим Казаков алтын үшін шаршы алаңға шығады

25.06.2013 | 18:45
Тағы бір қазақстандық бокстан әлем чемпионы атанды Бұған дейін финалда өнер көрсеткен Шалқар Айқынбай (49 келі) өзбекстандық

60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қарағандылық Абылайхан Жүсіпов финалда румыниялық қарсыласынан басым түсті. Сөйтіп ол Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды. Турнир барысында бокс мамандары алтыннан үмітті фаворит ретінде Абылайхан Жүсіпов есімін атаған болатын. Сондай-ақ, ол биыл жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарып, турнирдік үздік боксшысы атанған еді. Абылайхан кадеттер арасында 2013 жылы Азия және әлем чемпионатында алтыннан алқа тағып, Азияның үздігі болып танылған-тын.

Бұған дейін финалда өнер көрсеткен Шалқар Айқынбай (49 келі) өзбекстандық қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанса, Сұлтан Зауырбек (56 келі) Куба боксшысына есе жіберіп, күміс медальді қанағат тұтты. Енді 81 келіде Вадим Казаков алтын үшін шаршы алаңға шығады.