Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жаңажылдық демалыс күндері 39 кісі өлтіру дерегі тіркелді – ІІМ

08.01.2019 | 10:05
Жаңажылдық демалыс күндері 39 кісі өлтіру дерегі тіркелді – ІІМ

Оның айтуынша, елімізде 2019 жылдың жеті күнінде 5 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. «Оның 39-ы қасақа адам өлтіру, 46-ы адам денсаулығына ауыр зиян келтіру. Аталған қылмыстардың басым бөлігі тұрмыстық жағдайда таныстар мен туыстардың арасында арақ ішу кезінде жасалды. Қылмыстардың басым бөлігі жедел түрде ашылды», - деді Жанат Сүлейменов. Осы орайда ішкі істер министрінің бірінші орынбасары жедел түрде адам өлтіру дерегінің 30-ы, қасақана адам өміріне зиян келтірудің 40 дерегі ашылғанын атап өтті. Ішкі істер министрінің өкілі жаңажылдық демалыс күндері полиция мен ұлттық ұлан қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істегенін атап өтті.


 
Көрілді: 209
Жаңартылған: 09.01.2019 | 10:09
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар