Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қызылордада коммуналдық қызметтер цифрландырылып жатыр

02.11.2018 | 09:57
Қызылордада коммуналдық қызметтер цифрландырылып жатыр

«Желтоқсан айынан келесі жылдың соңына дейін жобаның І кезеңін бітіреміз. Жоспар бойынша, пилоттық жағдайда 4300-дей тұтынушы қамтылады. Болашақта әр жеке тұрғынның ақпараты біздің орталық серверге автоматты түсіп отырады,- деді «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мұхиджан Кәрімбаев.

Жобаның тағы бір ерекшелігі - барлық аудандардағы мәліметтер есептегіш құралдардың көрсеткіші орталық серверге келеді. Бұл дистанциялық басқару жұмыстарды жедел шешуге мүмкіндік беретін болмақ. Сондай-ақ, жаңа қызмет ең бірінші кезекте тұтынушылар үшін ыңғайлы болмақ.

Айта кетсек, Қызылордада гидроқондырғылар жұмысында цифрлық технологиялар пайдаланылады.

 
Көрілді: 44
Жаңартылған: 05.11.2018 | 10:04
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар