Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ҚПЛ: Футболдан ел чемпионы анықталды

27.10.2018 | 09:32
ҚПЛ: Футболдан ел чемпионы анықталды

Бұл турдағы алғашқы ойын Алматы қаласында болды. Жергілікті «Қайрат» Павлодардың «Ертіс» командасын қабылдады. Алтын медаль ауылы алыстап кеткеннен кейін шығар, бұл ойында «Қайрат» сылбыр көрінді. Ойын тағдырын шешкен жалғыз гол 2-минутта соғылды. Оны «Ертіс» ойыншысы Карлос Фонсека өзінің еншісіне жазды. Осыдан кейін «Астана» чемпион атанса, «Қайрат» күміс жүлдегер атанды.

Келесі кезекте Шымкентте «Ордабасы» мен Қарағандының «Шахтері» кездесіп, бұл ойын тең нәтижемен аяқталды. Алдымен 15-минутта Жасұлан Молдақараев «Ордабасы» клубын алға шығарса, 57-минутта қарағандылық Марат Шахметов қорытынды есепті белгіледі. Есеп 1:1.

Талдықорғанда «Жетісу» мен «Атырау» командалары жеңімпазды анықтай алған жоқ. Ойын 0:0 есебімен бітті.

Оралда «Ақжайық» Қызылорданың «Қайсарынан» жеңіліп қалды. Бұл кездесуде қызылордалықтар сапынан 41-минутта Братислав Пуноошевац гол соқты. Ал Владимир Аржанов 27, Матиас Курьор 60-минутта алаң иелері қақпасынан саңылау тапты. 90-минутта «Қайсар» сапынан Игорь Зенькович қорытынды есепті белгіледі. Есеп 4:0. «Қайсар» жеңіске жетті.

Дәл қазір «Ақтөбе» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдап жатыр.

Бұл турдағы тағы бір ойын ертең, 28 қазанда болады. Қостанайдың «Тобылы» елордалық «Астананы» қабылдайды. Ал 30-тур ойындары 20 қазанда өткен болатын

 
Көрілді: 37
Жаңартылған: 05.11.2018 | 09:36
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар