Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Таразда «Ғибрат» орталығы ашылды

29.10.2018 | 16:27
Таразда «Ғибрат» орталығы ашылды

Қ.Рысқұлбеков атындағы, саябақта ашылған келесі бір нысан – «Ғибрат» орталығы. Аумағы 240 шаршы метрді құрайтын орталықта саябаққа демалуға келген қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық дәстүрмен қызмет көрсететін,  ақсақалдар  кеңестері өткізетін орын болмақ. Ғибрат сөзі көне түркі тілінде үлгі-өнегелік,  тәлім-тәрбиелік деген мағына береді.

 «Ғибрат» орталығын ашу үшін облыстық ардагерлер кеңеңсінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен ҚР Сенатының экс-депутаты Александр Савченко Ғибрат орталығының  Ардагерлер үйімен қатарласа орналасуының өзіндік мәні бар екенін атап өтті.

Сонан соң орталық ішін аралап көрген қонақтарға облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жаңадан бой көтеретін 15-ші ықшам ауданның және «Шахристан» базарының орнына салынатын тарихи-мәдени кешеннің және «Тектұрмас» кесенесі орналасқан аумақтың жоспарын таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш ескерткіштен бөлек бүгін қала көлемінде Жамбыл ақынның ескерткіші, облыс әкімдігінің ғимараты маңында және орталық «Достық» алаңында түрлі-түсті сазды әуен ырғағымен ойнайтын төрт субұрқақ, «Темір жол вокзалы аллеясы», Қайрат Рысқұлбеков сабағы мен батырдың ескерткіші, «Желтоқсан,86» орталығы пайдалануға берілді.

Жеңіс саябағында орналасқан «Тыл еңбеккерлеріне», «Ауған соғысының ардагерлеріне», «Чернобль апатына қатысушыларға» арналған ескерткіштер ашылады.

Сондай-ақ бүгін қаламызда «Желтоқсан толқыны» атауымен еліміздегі ең ұзын әрі мағынасы зор субұрқақ, Желтоқсан оқиғасына  қатысушыларға арналған, «Ғибрат»  орталығы ашылмақ.

Сонымен қатар, тараздықтар «Үшбұлақ»  жағалауындағы демалыс аумағының ашылуын тамашалайды.

 
Көрілді: 633
Жаңартылған: 29.10.2018 | 17:00
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар