Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Автобус соққан Мәдина Сәдуақасованың көлігінің шығынын автопарк өтейді

28.10.2018 | 23:53
Автобус соққан Мәдина Сәдуақасованың көлігінің шығынын автопарк өтейді

23 қазанда «Green Bus» компаниясына тиесілі бағдарлық автобус әнші Мәдина Сәдуақасованың көлігін соғып кеткен. 

«Біз осы оқиғадан зардап шеккен адамдардың барлығынан кешірім сұраймыз. Зардап шеккендердің бірі бізге белгілі (әнші Мәдина Сәдуақасова - ред.) өзін жақсы сезінеді, біздің тарапқа әзір шағымы жоқ. Екінші бойжеткеннің қайда екенін әзірге анықтай алмадық, алайда оны іздеп жатырмыз. Өйткені оның денсаулығы қалыпты екеніне көз жеткізуіміз керек. Сондай-ақ, біздің сақтандыру компаниямыз Мәдина Сәдуақасова көлігін жөндеуге қатысты барлық шығынды өзі көтереді», - деп мәлім етті тасымалдаушы компания өкілдері.

Автобус жүргізушісі оқиғаның мән-жайы анықталғанша жұмыстан шеттетілген. Ол білімін қайта пысықтап, аттестацияны қайта тапсырады.

Компанияның мәлім етуінше, апаттық жағдайға жол берген жүргізуші жауапкершілігі бар адам саналып келген, бұған дейін оның жұмысына қатысты кемшілік болмаған. 

 
Көрілді: 520
Жаңартылған: 28.10.2018 | 23:57
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар