Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстан мектептерінде «ата-аналар комитетін» алып тастамақшы

11.10.2018 | 10:09
Қазақстан мектептерінде «ата-аналар комитетін» алып тастамақшы

Қыркүйек айынан бастап Қазақстанда «Ақша жинауға жол жоқ» акциясы өтуде. Бұл бастаманы білім беру департаменті жобалық кеңсемен бірлесіп жүзеге асыруда. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана департаментінің басшысы Жазира Жылқышиеваның айтуынша, ата-аналардың өздері ақша жинауға бастамашы болады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ата-аналар арасында жүргізілген анонимді сауалнамаға сәйкес, олардың бір айдың ішінде 1000-нан 10 000 теңгеге дейін ақша беруге мәжбүр болғандары анықталды.

«Сауалнамаға қатысқан 100 ата-ананың 87-сі балалары үшін ең аз дегенде бір рет мектепке ақша өткізгендерін айтты. Сондықтан біз жүйелі жұмыс жүргізуді бастауды қолға алдық. Алайда, бірде-бір ата-ана мектепте ақша жинау фактілерінің болғанын ашық айтпады », – деді Жылқышиева.

Агенттік пен әкімдіктің «Астана – адалдық алаңы» бірлескен жобасының шеңберінде тағы бір сауалнама жүргізілді. Онда мектепке немесе сыныпқа қосымша қажетті заттар алу үшін мектептердің үнемі ақша жинайтындары анықталды.

«Негізінен қаражатты «ата-аналар комитетті» өздері жинайды. Осыған байланысты жобаның офисі ҚР Білім және ғылым министрлігіне «мектептерде ата-ана комитетін сайлауға тыйым салу» туралы ұсыныс жасады. Себебі олардың қызметі реттелмеген және күнделікті жемқорлыққа негіз қалайды», – деді ведомство өкілі.

Ол сондай-ақ мектептерде ақша жинау фактілері анықталған жағдайда және оқу орындарында заң бұзушылықтар орын алса  директорларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады деп ескертті.

Ал оқушылардың ата-аналары осындай фактілерге кезіксе +7 (7172) 55-68-73, 55-68-83, +7 775 160 55 32 телефондарына хабарласа алады.

372

 
Көрілді: 806
Жаңартылған: 11.10.2018 | 10:28
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар