Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкенттік депутат жүрегі мен бүйрегін беруге әзір

04.10.2018 | 13:37
Шымкенттік депутат жүрегі мен бүйрегін беруге әзір

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбаев бұған дейін «егер қайтыс болсам ішкі ағзаларымды донор ретінде беремін» деген болатын. Шенеунік бұл ойынан әлі де айнымапты. «Рейтинг» басылымының жазуынша депутаттың мұндай шешім қабылдауына «Жеті өмір» фильмі түрткі болыпты. «Осы фильмнің басты кейіпкері жазылмас дертке шалдығады. Өмірден үміті үзілген соң бауырын, бүйрегін, жүрегін басқа да мүшелерін мұқтаждарға сыйлайды. Тіпті өлгенен кейін үйін де кедейлерге береді. Ол өлді, бірақ артында нағыз адамгершіліктің үлгісін қалдырып кетті. Күніне қаншама адам жол апатына, басқа да себептермен қыршын болады. Топырақтан жаралған ет пен сүйек топыраққа кетіп жатыр.  Солардың ішкі ағзаларын мұқтаж науқастарға берсе, қаншама сауап. Мәселен бізде бүйрек алмастыруға зәру мыңдаған науқас бар екен. Олар жарық дүниеден үміттерін үзбей,  өмір мен өлімнің арасында жүріп донор күтіп отыр ғой»,- дейді ол. Сондай-ақ Бұхарбаев ішкі ағзаларын сатпайтынын тек бәрі ереже, заң бойынша жасалғанын қалайды. Депутат адамдарды біреудің қайғысына бейжай қарамауға шақырды.

reswm

 
Көрілді: 967
Жаңартылған: 04.10.2018 | 13:38
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар