Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қоқыста жатқан Абайдың мүсінін сатып алушылар табылды

22.09.2018 | 10:15
Қоқыста жатқан Абайдың мүсінін сатып алушылар табылды

Өскеменде қоқыстан табылған Абай мүсініне қатысты оқиға жағымды жаңалықпен аяқталды. Ел арасында қызу талқыға түскен ұлы ақынның мүсінін қала әкімдігі сатып алатын болды деп жазады Алтайньюс.

Айта кетейік, күні кеше журналист Өскеменде күл-қоқыстың арасынан Абайдың мүсінін көріп, бұл көрініс жанына қатты батқанын айтқан еді.

Ұлы ақынның мүсіні далада жатқанын естіген Өскемен әкімдігі дер кезінде әрекет етіп, Абайдың бейнесін сатып алуға бекінген.

Бұл ақпаратты Өскемен әкімдігінің өзі де растап отыр.

Шаһар басшысы Жақсылық Омардың ұйымдастыруымен жергілікті қос кәсіпкер қоқыста қалып қойған Абай мүсінін сатып алатын болыпты.

Қазіргі таңда, ұлы ақынның кеуде мүсіні қаланың қай аумағына және қашан орнатылатыны шешіліп жатыр.

Оған қоса, қала әкімі мүсінге жөңдеу жұмыстарын жүргізу жөнінде арнайы тапсырма берген.
 
Көрілді: 1169
Жаңартылған: 21.09.2018 | 16:21
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар