Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қасым-Жомарт Тоқаев ысырапшыл қазақ тойларын сынға алды

17.09.2018 | 09:42
Қасым-Жомарт Тоқаев ысырапшыл қазақ тойларын сынға алды

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тойлардағы артық шығын мен ысырапты сынға алды, деп жазады Stan.kz.

Тоқаев Twitter-дегі жазбасында үйлену тойы мен басқа да мерекелік шаралардың өткізілуіне өзгеріс енгізу керектігін қолдайтынын айтты.

«Қазақстандық БАҚ-тағы үйлену тойы мен басқа да мерекелік шараларды ұйымдастыруға қатысты жаңа көзқарастарды қолдаймын. Бақуаттылығын көрсету үшін ысырапқа жол бермеу үшін үшін жаңа формат қажет», – деп жазды Тоқаев.

Сондай-ақ, ол өзбек, түрік және түркімен халықтарын үлгі ретінде ала отырып, ұлттық дәстүрге баса назар аударылуы керектігін айтты.

keremettoi

 
Көрілді: 1481
Жаңартылған: 17.09.2018 | 09:53
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар