Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мұғалімдер жыл соңына дейін аттестациядан қайта өтеді

30.08.2018 | 15:58
Мұғалімдер жыл соңына дейін аттестациядан қайта өтеді

Ағымдағы жылдың көктемінде аттестациядан өте алмаған мұғалімдерге екінші мүмкіндік беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың желтоқсанында бізде қайта емтихан болады. Мамырда аттестациядан өте алмаған мұғалімдер желтоқсанда қайта өтеді. Бұл тұрғыда біз ешқандай шектеу қоймаймыз», - деді ол.  Ерлан Сағадиевтің атап өтуінше, Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында білім берудің барлық деңгейлерінде жауапкершілікті арттыруды басымдық ретінде алдына қойып отыр.  «Бұл - ең бірінші кезектегі міндет», - деді министр. Жалпы оның дерегінше, мамыр айындағы аттестаттауға 60 мыңға жуық мұғалім қатысып, олардың ішінен 36 мыңнан астамы аттестациядан өтті. Аттестациядан өткендер үлесі 63 пайызды құрады. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа аттестация тәртібінен өткен мұғалімдерге категорияларына сәйкес қосымша ақы төленеді. Сонымен бірге, ағымдағы жылы 110 мыңнан астам педагог республикалық бюджет есебінен біліктілік арттыру курстарынан өтіп жатыр. 8 мыңнан астам пән мұғалімі жеке пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін тілдік курстарда оқуда. Олардың 5 мыңға жуығы осы оқу жылынан бастап сабақ беруге кіріседі.

 



 
Көрілді: 2058
Жаңартылған: 29.08.2018 | 16:01
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар