Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Адам өлтірген полицей "жынды" болып шықты

28.08.2018 | 10:04
Адам өлтірген полицей

Қарағандыда кісі өлтіріп, ұзақ мерзімге сотталған бұрынғы полиция қызметкері өзін жындыханаға жабуды талап етуде. Үстіміздегі жылдың сәуір айында аса қатігездікпен адам өлтіріп, алқа билердің шешімімен 19 жылға темір торға жабылған полицей осындай талап қойып апелляциялық арыз түсірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТКарнасына сілтеп.

Алғашқы сот отырысында-ақ ақыл есінің кемдігін айтқан 22 жастағы полиция сержанты сол кездің өзінде өзін жындыханаға жіберуді сұраған еді.

22 жастағы сержант Нұрсейіт Қалдыбаев үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде көлік салып алушы ретінде «тайота камри» автокөлігін сатпақшы болған Қарағанды тұрғынымен кездескен. Бірақ, көлік сатып алушымын деп барған 22 жастағы полияция сержанды саттушы ер адам автокөлігін көрсетіп жүргенде оның басынан қызметтік тапаншасымен атып жіберген. Ол бұнымен қоймай қылмысын жасыру үшін марқұмның өлі денесін айдалаға апарып, лақтырып тастаған.

Осылайша, мәйіттен құтылған полиция сержанты марқұмның көлігіне отырып, полициядағы қызметіне қайта оралды. Дегенмен, оның қылмысы әшкере болып, кісі өлтірген полицей құтықталды. Ол кінәсін бірден мойындағандықтан, сот процесі де ұзаққа созылмады.

Бір таңғаларлығы, полицейден қылмыскерге айналған жігіттің қорғаушысы сот отысында оның ақыл есінің кем екенін айтып, оны жындыханаға жіберулерін сұрады. Себебі, уақытша ұстау абақтысына жабылған полицей өзін жайсыз сезініп, өзімен-өзі сандырақтай берген көрінеді. Бірақ, алқа билер құқық қорғау органында қызмет атқарып жүрген 22 жастағы сержанттың ағзасында ақау бар деген қорғаушының мәлімдемесіне сенбеді.

zhyndypoliicey

 
Көрілді: 1844
Жаңартылған: 28.08.2018 | 10:10
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар