Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ата-аналардан ақша жинау заңсыз

24.08.2018 | 14:41
Ата-аналардан ақша жинау заңсыз

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов ата-аналардан кез келген жағдайда ақша жинау заңсыз екенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Мектептердегі ақша жинау мәселесін ерекше айтып өткім келеді. Өкінішке қарай, бұл үйреншікті дүниеге айналып отыр. Ата-аналардың көпшілігі оған көндігіп, солай болуы тиіс деп ойлайды. Бірақ олай емес. Мемлекет мектептің бүкіл қажеттілігіне жеткілікті мөлшерде қаражат бөледі, оның ішінде жөндеу жұмыстары мен басқа да шаралар бар.

Ата-аналардан кез келген формада ақша жинау заңсыз. Бұл балабақшаларға да қатысты", — деді төраға орынбасары білім саласындағы қызметтердің сапасын көтеру мәселелері талқыланған жиында.

 
Көрілді: 1877
Жаңартылған: 24.08.2018 | 15:18
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар