Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жүріп бара жатқан көліктің алдында билегендер жауапкершілікке тартылуы мүмкін

08.08.2018 | 15:08
Жүріп бара жатқан көліктің алдында билегендер жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Ақмола облысының полицейлері танымал Kiki Challenge флешмобында жол қозғалысы ережесінің бұзылатынын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мəліметінше, соңғы кездері елімізде Kiki Challenge флешмобы белең алды. Оған қатысушылар жүріп келе жатқан автокөлік салонынан секіріп түсіп, əр түрлі трекке билей жөнеледі. Ақмола облысының ІІД ЖПҚ қызметкерлері жүргізген уақтылы түсіндіру жұмыстарының нəтижесінде өңірде мұндай қауіпті флешмоб өткізілген жоқ. Дегенмен, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицейлер мұндай флешмобты жол қозғалысы ережесін бұзу деп санайды. «Бұлай көңіл көтеру жол қозғалысы ережесін бұзу ретінде қарастырылады. Жол қозғалысы ережесінің 2.1.4 пунктіне сәйкес, жүргізуші көлігінің өздігінен қозғалып кетпейтініне толық көз жеткізіп алмай, көлiгінен түсіп, кетіп қалуына болмайды. Оған қоса, жол қозғалысы ережесінің 19.5 пунктіне сәйкес, жүргізуші көлiк құралы толықтай тоқтағаннан кейiн ғана жолаушыларды отырғызуға және түсiруге, қозғалысты көліктің есігі толық жабылған кезде ғана жүзеге асыруға мiндеттi. Жүріп келе жатқан көліктен секіріп шығу арқылы тəртіп бұзушылар жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіреді» деп түсіндірді Ақмола облысының ІІД ЖПҚ бөлім басшысы, полиция подполковнигі Қуанышбек Əбенов.

570

 



 
Көрілді: 2385
Жаңартылған: 08.08.2018 | 15:18
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар