Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жерді кімдер ала алады? ОҚО-да 220 мың адам жер алу кезегінде тұр

24.05.2018 | 10:29
Жерді кімдер ала алады? ОҚО-да 220 мың адам жер алу кезегінде тұр

Бүгінде Шымкент қаласында тұрғын үй салу мақсатындағы жер телімдері өте өзекті. Осыдан 3-4 жыл бұрын қаланың аумағына Сайрам ауданынан енгізілген жерлердің ту-талақайға түскені жасырын емес. Соның нәтижесінде бір басында 200 жер телімі барлар кездеседі. Ал біреулер үй салу үшін тоқымдай жерге зәру болып жүр. Жер реформасындағы бірқатар өзгерістер туралы ОҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов "Рейтинг" газетіне берген сұхбатында айтты. 

"Облыста жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін сұрап кезекке тұрған азаматтарды саны 220 мыңнан асып отыр. Олардың басым бөлігі Шымкент қаласында– 120 376 немесе– үлеске шақсақ 54,5 пайызды құрайды. Облыс орталығында жерге өтініш берген азаматтардың саны 2004 жылдан бері өсіп келеді. Ал әкімдік тарапынан жер телімі соңғы рет 2006 жылы берілген. Тұрғын үй салу мақсатындағы жерлер тек инфрақұрылымы тартылған аумақтардан ғана берілуі тиіс. Қалада жер берудің тоқтатылуы Жер кодексіне енгізілген осы талаптармен байланысты. Бір жағы беретін жер жоқ. Шымкенттің айналасындағы жерлер жекеменшікте. Ал Жер кодексіне сәйкес жекеменшіктегі жерді мемлекет мұқтаждығына алудың өз тәртібі бар. Мұндай жерлер тек әлеуметтік маңызы бар мектеп, балабақша, жол сияқты нысандар үшін ғана алынатын. Жекеменшіктегі жерді алып, жекеменшіке беруге болмайтын. Енді

заңға енгізілген жаңа нормаларға сәйкес мемлекет елдімекеннің айналасындағы жалдағы және жекеменшік жерлерді мемлекетке қайтарып, мақсатын өзгертіп, инфрақұрылым тартып, жер кезегінде тұрған азаматтарға бере алады",- дейді С.Әбдіқұлов.

02

 
Көрілді: 1818
Жаңартылған: 24.05.2018 | 10:40
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар