Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Астанада Алланың 99 есімі жазылған мешіт ашылды

11.05.2018 | 17:01
Астанада Алланың 99 есімі жазылған мешіт ашылды

 

20180511110842

Қасиетті жұмада Астанада жаңа үлгідегі мешіт ашылды. Елордадағы құлшылық үйі бұған дейінгі мешіттерге еш ұқсамайды. Сәулетшілер авангард стилі негізінде мешіттің қазақстандық ерекше үлгісін жасап шығуға тырысқан екен. Ал мұнараның биігінен қарағанда жаңа мешіт ашылып тұрған гүлге ұқсайды екен. Содан болар xалық арасында оны «Алланың гүлі» деп атап кетті. Сонымен қатар, мешітке Ырыскелді қажының аты беріліп отыр. ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген жаңа мешіттің бас имамы Жақия қажы Исмаилов нысанның әлемдегі мешіттерден несімен ерекше екеніне тоқталыпты. 

-Мешіттің сыртқы сәулеті ерекше болып шықты. Мұнараның үстінен қарағанда мешіт гүлге ұқсайды. Бүгінде оны халық арасында "Алланың гүлі" деп атап кетті. Мешіттің тағы бір ерекшелігі - іші қарапайым. Қабырғалары аппақ, көп жазулар жоқ. Күмбездің айналасында ғана Алла тағаланың тоқсан тоғыз аты жазылған. Басқа жерінде адамның ойын алып кететін ешқандай әшекей де, ою-өрнек те жоқ. Ол да - жаңа мешіттің ерекшелігі. Мешіттің миxрабы да өзгеше салынды. Олай істеген шариғатқа қайшы емес. Сосын жаңа нысан толығымен отандық материалдардан салынды,-депті Жақия қажы.

Дереккөзі: ҚазАқпарат.

 

 
Көрілді: 518
Жаңартылған: 11.05.2018 | 17:06
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар