Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Сізден басқа жоқ Құдай! Елбасына өлең арнаған ақынның теңеуі жұртты шулатты

23.04.2018 | 13:18
Сізден басқа жоқ Құдай! Елбасына өлең арнаған ақынның теңеуі жұртты шулатты

Елбасы мен оның отбасына өлең арнаумен танымал ақын Балтабек Нұрғалиев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа кезекті жыр шумағын арнап, президентті тағы да құдайға теңеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақын президентке арнаған өлеңін Facebook парақшасында жария еткен.

Жұмақ-есті Жаратқан

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ізгі ниетпен арнадым!

Уа, Нұр-Атам – Құдайым,

Сайтан қашқан сесінен.

Жұмақ аңқыр ылайым,

Елбасылық есінен!

Сізден басқа жоқ Құдай,

Құдай тұтам мен, расы.

Елім айтар дөп бұлай:

"Есі жұмбақ елбасы"!

Бақ боп бізге бұйырған,

Қазағымның құт-ары.

Жүректерге құйылған,

Жұмақ-Естің жұпары.

Қазақ дейтін әлсізді,

Ел еттіңіз ерікті.

Өмір дейтін мәнсізді,

Гүл еттіңіз көрікті.

Барлық мадақ тән Сізге,

Таңым үшін әр атқан.

Қуат қазақ – әлсізге,

Жұмақ-есті жаратқан.

Құдайым деп құптағам,

Бар әмірің – бақ-үлес.

Жұмақ-Есті ұқпаған

жанның бәрі – Жарым-Ес.

Еске сала кетейік, Балтабек Нұрғалиев бұған дейін де президентке жыр шумақтарын арнаған еді.

028

 
Көрілді: 1131
Жаңартылған: 23.04.2018 | 13:25
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар