Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Cөз зергерлері арқа жерінде

30.03.2018 | 12:39
Cөз зергерлері арқа жерінде

        Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде Х Республикалық журналистика олимпиадасы өтуде. Аталмыш сайысқа 16 жоғарғы оқу орнынан 48 студент бақ сынауда. Қазақ телевизиясының 60 жылдығы арқау болған білім бәсекесі екі күнге созылмақ.  Сайыстың ашылу салтанатында филология факультетінің деканы  Мұхаметқали Ілиясұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Дарынды жастар байқау шарты бойынша сюжет дайындап, эссе жазды. Сонымен қатар, бірнеше журналистика пәндерінен тест тапсырды. Олимпиаданың соңғы күні журналистің жеделділігін айқындау мақсатында жедел ақпарат сайысы бойынша сынға түсуде. Сондай-ақ, студенттер мен оқытушылар шахтер шаһарының көрікті жерлерін, Сарыарқа археологиялық мұражайы мен университет музейін аралады. Мұражай меңгерушісінің сөзінше, мұндағы ең көне жәдігерге 2000 жыл болған. Әр жәдігер жеке-жеке нөмірленген. Студенттер Арқа жерінің талай тарихи құндылықтарымен танысып қайтты.

                                                                                             Аслан Қажиев

                                                                                             IT Университеті

 
Көрілді: 817
Жаңартылған: 30.03.2018 | 12:49
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар