Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Балиевадан кешірім сұраған президент халықтан өзіне сенуді сұрады

19.03.2018 | 09:52

Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий Ким ҚР Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиевадан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

Анатолий Ким Instagram желісіндегі парақшасында көпшілік алдында Зағипа Балиевадан кешірім сұрады.

“Құрметті, достар! Мен, Анатолий Ким, Қазақстан азаматы және ер адам ретінде Абай ауылындағы кішкентай баланың құқығы мен мүддесін қорғаған Зағипа Балиевадан кешірім сұраймын. Мен не туралы айтып отырғаным жөнінде өзіме толықтай есеп беремін және бұл сөзімнің көпшілікке ұнамай қалауы мүмкін екенін түсінемін. Әсіресе, қазіргі жағдайдың өзін азаматтық қоғамның жеңісі деп білетіндерге ұнамауы ықтимал”, – дейді Ким.

Сонымен қатар, Қазақстан ММА федерациясының президенті 7 жасар баланың дауы әлі өз жеңісіне жетпегенін және істі соңына дейін жеткізу керек екенін айтты.

“Алайда маған сеніңіздер, осы 2 күн ішінде өз көзіммен көрген, өз құлағыммен естіген дүниелер жеңіске дейін әлі алыс екенін көрсетеді. Айтуға уақытым болған жоқ. Алайда бұл мәселе жөнінде айтып жүргендердің онсыз да көп екенін көріп отырмын. Егер біз мемлекетімізде оң өзгеріс болғанын қаласақ, бұл істі соңына дейін жеткізейік. Әйтпесе, бастаудың не қажеті бар?” – дейді Анатолий Ким.

940ca425dc1db120e39e573dfadd8900

 
Көрілді: 3611
Жаңартылған: 19.03.2018 | 10:04
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар