Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ШҚО-да су тасқыны кезінде өлген малдың еті базарда сатылғаны рас па?

17.03.2018 | 20:23
ШҚО-да су тасқыны кезінде өлген малдың еті базарда сатылғаны рас па?

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өлген малдың еті сатылып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпаратхабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ШҚО аумағында көктемгі су тасқыны кезінде мал өлім-жітімі тіркелмеген.

«Әлеуметтік желіде ШҚО-дағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен малдың еті сатылып жатқаны жайлы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды», – дейді ауыл шаруашылығы министрінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.

Еске сала кетейік, жуырда WhatsApp мессенджерінде базарда су тасқынында өлген малдың еті сатылып жатқаны туралы хабар тараған болатын.

8a6385f5c72dee30f00f6221a251e154 XL-620x411

 
Көрілді: 1227
Жаңартылған: 17.03.2018 | 20:40
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар