Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Төрегелді Шарманов: Мәскеуге кетпегенде Байтұрсыновтың тағдырын қайталар едім

15.03.2018 | 10:00
Төрегелді Шарманов: Мәскеуге кетпегенде Байтұрсыновтың тағдырын қайталар едім

Қазақ тағамтану академиясының президенті, профессор Төрегелді Шарманов дүниеде көп қиындық көргенін айтып,  өмірі Ахмет Байтұрсыновтың тағдырына өте ұқсас екенін алға тартты. Елге пайдалы асты ұсынып жүрген ғалым  республикалық «Диагноз» газетіне берген  сұхбатында бір кездері Қазақстаннан неге кеткенін айтқан. «Бір кездері туған елім Қазақстанымнан кетуіме тура келді. Ішім удай ашыды. Жұмыстан қуылдым. Тіпті мені өлтіргісі келгендерде кездесті.Ақты ақ, қараны қара деп айтқаным үшін зардап шектім. Ахмет Байтұрсыновта елден қуылды, халық жауы болды, ақырында атылып кетті.  Егер мен Мәскеуге кетпегенде. Кім білер, мүмкін Ахмет Байтұрсыновтың тағдырын қайталайтын едім..»,- дейді медицина ғылымдарының докторы. Әрқашанда тіке сөйлейтін Шарманов тіпті пікірлерінің Қонаевқа да ұнамағанын жеткізген. «Ғылыми жұмыстарда аса бір жетістігі жоқ, таныстық-бауырмалдықпен келген ғалым сымақтарды қолдамадым. Оны ашық айтып, газет беттеріне жариялауымның салдарынан Қонаевқа жақпай қалдым.  Ол кісіні өте қатты сыйлайтын едім. Дегенмен шындықты айтқаным үшін жұмыстан қуылдым. Алты ай бойы жұмыссыз жүрдім. Төңірегімде түрлі әңгімелер өрбіді. Өміріме қауіп төніп тұрғанын сезіп, Мәскеуге қашып кетуіме тура келді. Қиын кезеңдер болды. Бірақ мен оған өкінбеймін. Керісінше мақтан тұтамын. Әділеттікті айту үшін қудалану ол бақыт сезім. Мен оны қателік деп ұқпаймын. Бүкіл Ресейді араладым. Мәскеуде үш жыл жұмыс істеп елге оралдым. Қазір еліме, болашақ ұрпақтың сау болып өсуіне еңбек етіп жатқаныма шүкіршілік етемін. Кек сақтамау керек. Жасты ұзартатын дүние  - мидың дамылсыз жұмысы. Өзім ылғи лекция оқимын, ғылыми сараптамалар жасаймын, эссе жазамын…»,- дейді профессор.

      Айта кетейік, Қазақ тағамтану академиясы бие сүтінен жасалған шоколадты жақын арада нарыққа шығармақ.

04444

 
Көрілді: 1265
Жаңартылған: 15.03.2018 | 10:57
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар