Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қарызға батқан астаналықтар бүйректерін сатуға кірісті

02.03.2018 | 13:54
Қарызға батқан астаналықтар бүйректерін сатуға кірісті

 

 

Жуырда Ұлттық банктің төрағасы ДаниярАқышев онлайн-конференция барысында «мүмкіндік болса, несие алмаған дұрыс. Несиесіз-ақ өмір сүрудің жолдарын қарастырған жөн», - деген кеңес берді. Несиенің пайызын төмендетеміз, шыдай тұрыңыздар демеді төраға. Негізі зейнеткерлерге қарата айтылған кеңестің жөн сөз дерлік тұсы да бар. Бүгінде несие алмаған еңбекке қабілетті жанды табу қиын шығар. Ал бірнеше несие алып, қиналып жүргендер қаншама.  Астаналық 30 жастағы Эльвира Ерімбетова солардың бірі ғана.

Банктен алған несиелерін өтей алмай жатқан Ерімбетова бүйрегін сатудың амалын қарастыруға мәжбүр болған. Ол « NewTimes.kz» редакциясына хабарласып, өзінің бүйрегін сататыны жайлы жарнаманы жариялауды өтініпті. Мұндай қадамға оны бірнеше банктен алған 12 несиесі итермелеген көрінеді. Барлығының сомасы 3 миллион теңгеден асады. Ай сайын әрбіріне төлем жасау үшін 140 мың теңге табуы тиіс. Мұндай қаржыны таба алмағандықтан бүйрегін сатуға бел буыпты. Балаларына киім, күйеуіне дәрі әперу үшін, амалсыз банктен қарыз алған Эльвира мен оның күйеуі Жамбыл облысы Мерке ауданынан. Ауылда жұмыс болмағандықтан 2010 жылы екеуі Астанаға көшіп келген. Ерлі-зайыптылар 35 мың теңгеге пәтер жалдап тұрады. Үйлері Астананың іргесінде. Үлкен қыз 3-сыныпта, екі ұлдың бірі алтыда, екіншісі үш жаста екен. «Күйеуім бруцеллезбен ауырды. Қазір ол үйде жатыр, аурухана қабылдамай қойды. Неге екенін білмеймін, бәлкім ақшамыздың жоқтығынан шығар. Тіпті, жедел жәрдем де келуді қойды», — дейді ашынған әйел. Эльвира қазір де жұрттың үйлерін тазалайды екен. Алайда, оның тапқан ақшасы түкке жетпейді. Әбден шарасы таусылған әйел енді бүйрек сатудан өзге амалдың қалмағанын айтып, журналистерге хабарласыпты. «NewTimes.kz» порталының мәліметінше, Астанада бүйрегін сатамын деп жарнама беретіндердің саны өте көп көрінеді. Барлығы да қарызға батып қалған жергілікті тұрғындар. Проблемаларын шешу үшін олар осындай қадамға барудан өзге амал таппайды екен.

Негізі Қазақстанда адам органын сату қылмыс болып есептеледі. Өзінің немесе өзгенің ағзасын сатып ұсталған адам 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Адам ағзасы тек жақын туыстарға ғана немесе қайтыс болған адамның органы оның туыстарының келісімімен өзгелерге тегін беріледі.

prodazha pochki plyusy i minusy

 
Көрілді: 1173
Жаңартылған: 02.03.2018 | 13:58
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар