Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Oңтүстік» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

23.02.2018 | 09:59
«Oңтүстік»  телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

 

«Оңтүстік» телеарнасына бүгін жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы аталған телеарнаның қызметкері Гүлсанат Қалмырзақызы Фейсбуктегі парақшасында жария етті.  

-Телеарна тізгінін 5 жыл шашау шығармай бекем ұстаған Уәли Сағындықұлы Астанаға кетті. Ұлттық арнадан келген арнайы шақыртуды қабыл алып, қызметі жоғарылады. Ұжымға жаңа басшы тағайындалды. Су жаңа бастығымыз - Бауыржан Бердімұратов,- делінген жазбада.

Бауыржан Бердімұратов уақтысында Алматы қаласындағы телеарналарды басшылық қызметтерді атқарған. Соңғы уақытта ОҚО әкімінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген. 

 avatar180

 
Көрілді: 1255
Жаңартылған: 23.02.2018 | 10:01
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар