Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Біреу 8 сотық жерге зәру. Біреудің бір басында 90 жері бар. Бұл қалай?

10.02.2018 | 10:39
Біреу 8 сотық жерге зәру. Біреудің бір басында 90 жері бар. Бұл қалай?

 

Сайрам ауданында жер мәселесі ушығып тұр. Жуырда аудан әкімі Бақтияр Мамаевтың берген есебінде «Халық бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қаныбек Төлеметов есімді азамат осы жер мәселесін қозғады.

-Бізде жер мәселесі өте күрделі. Ауданда Ж. есімді азаматта бір басында 90 жері бар. Әрқайсысын 10-20 мың доллардан сатып жатыр. Ал, халықта 8 сотық жер де жоқ, - деген ол  ауданда жер мәселесінің өзекті екендігін айтты. Халықтың жер алатын мүмкіндігі жоқ. 30-40 мың жалақы алатындар қалай жер алып, үй салмақ? Және ауданда мал жаятын жер жоқ екен. Бірақ, ат төбеліндей азаматтарда 1000 гектарлап  жер бар екен. Міне, бұнда да түсініксіз жайт көп. Жерге қатысты аудан әкімдігінің шығарып жатқан қаулылары да жалған болып жатыр.

Аудан әкімі осы дауы бітпейтін жер жөнінде комиссия құрылғанын, әзірге нақты жұмыстар басталмағандығын, себебі, қолды болып кеткен жерлерді түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Және сол топқа Қ.Төлеметовты қосатынын айтып уәде берді.

Дереккөзі: "Рейтинг" газеті.

2 02-1

 
Көрілді: 967
Жаңартылған: 09.02.2018 | 16:43
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар