Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Діндарларға тіл тигізсең, айыппұл төлейсің

07.02.2018 | 09:21

 

Қазақстанның дін істері жөніндегі министрлігі діндарлар мен дінге сенбейтіндерге тіл тигізгендерге айыппұл салатын бап енгізгісі келеді. Заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында депутаттар мұндай өзгерісті қолдады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.

Қазіргі заңдарда "діни сенімге тіл тигізгендерге" қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, бірақ атеистер туралы ештеңе айтылмаған. Заң жобасында діндарларға немесе дінге сенбейтіндерге дінге қатысты тіл тигізгендерге 50 айлық есептік көрсеткіш — 120 мың теңге ($370), ал заңды тұлғаларға 481 мың теңге ($1483) айыппұл салу қарастырылған.

Азаматтық қоғам және дін істері жөніндегі вице-министр Берік Арынның айтуынша, осындай ұсыныс мәселені басқа да дін өкілдерімен талқылау кезінде туындаған.

Оның пікірінше, дінге сенбейтіндер қазір дінге қатысты пікірін көрсетуден қорқып қалған.

"Сену немесе сенбеу - азаматтардың өз құқығы және еркіндігі", — деді Берік Арын.

Министрлік ұстанымын заң жобасы талқыланған жиынға қатысқан мемлекеттік орган қызметкерлері мен депутаттар қолдады.

AB22D955-7262-499D-8F0E-ABA1C1BCE96B w1023 r1 s

 
Көрілді: 982
Жаңартылған: 07.02.2018 | 09:23
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар