Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Тұңғыш президенттің қызы қызметінен кетті

03.02.2018 | 13:47
Тұңғыш президенттің қызы қызметінен кетті

 

Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Лола Каримова-Тилляева ЮНЕСКО елшісі қызметінен кетті. Ол бұл жөнінде 2 ақпанда Facebook парақшасына жариялады.

Лола Каримова-Тилляеваның жазуынша, бүгін оның ЮНЕСКО жанындағы Өзбекстан елшісі ретіндегі соңғы жұмыс күні.

" 2008 жылдан бері тұрақты өкіл жұмыс істегеннен бері ЮНЕСКО-ға Өзбекстанның көптеген мәдениеті мен дәстүрі бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне енді. Бұлар - «Навруз» мерекесін атап өтуі, Өзбекстанның Ферғана жазығындағы халықтың «Катта ашула» әнін орындауы, өзбек палауының мәдениеті мен дәстүрі, Шашмак музыкалық дәстүрі, «Аския» ауыз әдебиеті шығармашылығы. 2016 жылы әлемдегі ең үлкен тау жүйесі, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанды алып жатқан Батыс Тянь-Шань Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді", - деп жазады ол өзінің еңбегіне баға бере келіп.

Лола Каримова-Тилляева алдағы уақытта "Сен жалғыз емессің" балалар қорында жұмыс істеуін жалғастырмақ.

Ол бірінші рет ЮНЕСКО елшісі қызметінен кететінін былтыр тамыз айында жариялаған. Ол кезде 39 жастағы Каримова-Тилляева енді бар уақытын Ислам Каримов қорына арнайтынын мәлімдеген.

B58D2D7A-B915-4ACA-97A8-9F2C871F7288 cx0 cy2 cw0 w1023 r1 s

 
Көрілді: 1028
Жаңартылған: 03.02.2018 | 13:50
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар