Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әбдірахымов Түймебаев пен Сауранбаевтың атқарған жұмысын қадағалап отыр

02.02.2018 | 10:37
Әбдірахымов Түймебаев пен Сауранбаевтың атқарған жұмысын қадағалап отыр

 

 Шымкент қаласының бұрынғы әкімі, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен өзінен кейінгі әкімі Нұрлан Сауранбаевтың Шымкентте нендей тірліктердің атқарып жатқанын бақылап отыратынын айтты.

-Мен Шымкент қаласының әкімі болып тағы да қызмет етер едім, алайда партия мені шақырып алды, қанша дегенмен біз саяси қызметшілерміз. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкенттің қазіргі әкім Нұрлан Сауранбаев облыстық, қалалық мәслихаттардың мәжілісінде қабылданған жобаларды ары қарай жалғастырады деп ойлаймын. Оның үстіне бұл жұмыстарды халыққа жария етіп қойғанбыз. Мен қазір, міне, қадағалап,  қарап отырмын, онда жалпы алғанда бәрі жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр,-депті Шымкенттің экс-әкімі.

-Сіздің бастаған жұмыстарыңыз тоқтап қалған, жоқ па?-деген сауалға Әбдірахымов:

-Тоқтаған жоқ. Оны тоқтату мүмкін емес,-деп жауап беріпті. 

33d37bea603a1234fb1f1ad2f19348bb

 
Көрілді: 729
Жаңартылған: 02.02.2018 | 10:45
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар