Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Облыс әкімі өртеніп кеткен марқұмдарды «жетесіздер» деп жазғырды

26.01.2018 | 09:57
Облыс әкімі өртеніп кеткен марқұмдарды «жетесіздер» деп жазғырды

 

Ферғана облысының әкімі Шухрат Ғаниев жуырда Ақтөбе облысының аумағында Ресейге кетіп бара жатып, автобуста болған өрттен қаза тапқан 52 Өзбекстан азаматын «жетесіздер» деп атады.

-Ташлак ауданына бірнеше жетесіз бар. Жетесіздерді жетесіз деп айту керек. Араларында 1999 жылғы туған жігіттер де бар. 20 жастағы үйленбеген баланы Ресейге қалай жібереді? Әке-шешелері қайда қарап отыр.  Әке-шешелері көрсоқыр ма? 2005 жылы митинг жасап,  милицияны таспен ұрғандар да осылар. Жетесіздер Ферғана облысын бүкіл республикаға масқара етті,-депті Ферғананың хокимі.   

Ал "Өзбекстан темір жолы" компаниясы еңбек мигранттарын Ресейге тасымалдау үшін 2018 жылғы ақпаннан бастап қосымша пойыздар шығаратынын хабарлады. Пойыздар Мәскеу, Уфа және Волгоград қалаларына жүретін болады. Бұған қоса, Өзбекстан үкіметі "Өзбекстан әуе желілері" ұлттық әуе компаниясына еңбек мигранттары үшін Ресейге жаңа рейстер ашып, билет бағасын арзандатуға тапсырма берді. Ресми Ташкент бұл шаралардан кейін қауіпсіздігі ережелерін сақтамай заңсыз жолаушы таситындардың қызметіне азаяды деп үміттенеді.

c19c271e-d39d-4f85-a4b3-0e45297e1e9c tv w1200 r1 s

 
Көрілді: 782
Жаңартылған: 26.01.2018 | 10:05
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар