Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әкімнің есеп беру жиынына мектеп оқушыларын пайдалануы ақылға сия ма?

19.01.2018 | 11:13

 

-Осы аптадан бастап әкімдердің ел алдындағы есеп беруі басталды.  Әкімдер  осы шараны жаппай мерекеге айналдырған сияқты. «Тірі әкімді»  жылына бір рет-есеп беру жиынында көріп, мұң-мұқтажын айту бақытына ие болған халық үшін бұл расында да мереке шығар, бәлкім,-деп жазады «Рейтинг» газеті.

Аталған басылымның жазуынша, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаев осы аптаның сейсенбісінде қала іргесіндегі «Құрсай» шағынауданына барып есеп берді. №49 мектепте өткен жиынға атқамінерлер алдын ала тыңғылықты дайындалған екен. Шамасы А.Татыбаевтың елге есеп беруін  мектептің қарапайым оқушылары үшін де мереке ретінде сезіндіруге ұмтылыс жасалған болса  керек. Себебі мектептің акт залына кіретін дәліздің екі жағына бірдей киінген мектеп оқушыларын қаз қатар тұрғызып қойғанына қайран қалдық, қынжылдық.

-Сабақ уақтысында бұлардың не үшін тұрғанын өз басымыз түсіне алмадық. Әлде әкім Татыбаев өзін жердегі жарты патша сезіне ме?-деп жазады басылым.  

IMG 5138

 
Көрілді: 860
Жаңартылған: 19.01.2018 | 11:16
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар