Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Оңтүстік Қазақстанда жарық қымбаттады

12.01.2018 | 16:16

 

Жаңа жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында электр энергриясының тарифі қымбаттады. Жарық жеке азаматтарға 6 пайызға, заңды тұлғаларға 11,2 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ОҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Сәлима Бопованың мәліметіне сілтеме жасаған «Оңтүстік Қазақстан» газеті.

Маманның мәліметінше, облыста ауыз су, жылу, және газ бағасы бұрынғы күйінде қалғанымен, монополистер бағаны өсіру жөнінде ұсыныстарын әзірлеп жатқанға ұқсайды. Яғни, коммуналдық қызметке бағаның өсуі тек жарықпен ғана шектелмеуі мүмкін. Естеріңізде болса, тарифтерді өсіру қажеттігін жуырда Елбасы Н.Назарбаев та айтқан болатын.

c68fd0fd2a6be01ab5e2adf235619d6e    

 
Көрілді: 637
Жаңартылған: 12.01.2018 | 16:18
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар