Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Экс-депутат жезөкшелікті заңдастыруды ұсынды

13.12.2017 | 17:14
Экс-депутат жезөкшелікті заңдастыруды ұсынды

 

Экс-депутат Айгүл Соловьева жезөкшелікті заңдастыруды ұсынды, - деп хабарлайды "Еуразия" телеарнасы.

-Өйткені өркениеті мен мәдениеті дамыған кей мемлекеттерде тәнін сатып, нәпақа тапқандармен күресіп әуре болмайды, керісінше салық төлетеді. Интим қызметін ұсынатындар ашықтан-ашық ұсыныс білдіре алмай, "массаж жасаймыз" деген жамылғы сөз арқылы да бұл істерін жүргізуде. Сондықтан олардың әрекетін заңдастыру арқылы ғана реттей аламыз. Жезөкшелікке ешқандай үгіт-насихат жасап жатқан жоқпыз. Реттеуге тырысып жатырмыз. Жас қыздар онсыз да сол шырмауға араласып кетіп жатыр. Кейбірі тіпті құл ретінде қызмет көрсетеді. Міне сол себептен осыны салық салу арқылы заңды түрде қолға алу керек деп ойлаймын, -дейді  экс-депутат Айгүл Соловьева. Алайда бұл ұсынысқа билікте отырған бүгінгі депутаттар қарсылық білдірді. 

 -Заңдастыру керек емес. Өйткені, бұл болмауы керек секілді. Оны өзі болдырмау керек, -дейді  ҚР Парламенті сенатының депутаты Нұржан Нұрсипатов. "Біз мына рухани жұмысты тереңінен кеңірек жүргізуіміз керек. Сонда бәрі өзінен-өзі шешіледі", - дейді ҚР Парламенті сенатының депутаты Төлеубек Мұқашев.

Дегенімен, көше бикештері мен олардың жеңгетайлары мұны құп көріп отыр. Олар қашып жүруден шаршаған секілді. Сол үшін қазірден салық төлеп, қартайғанда ел қатарлы зейнетақы алуға ниетті. 
Дереккөзі: Kaz.tengrinews.kz

photo 529

 
Көрілді: 965
Жаңартылған: 13.12.2017 | 17:17
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар