Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстан мектептерінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні оқытыла бастады

12.12.2017 | 11:33
Қазақстан мектептерінде  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні оқытыла бастады

Қазақстан мектептерінде тұңғыш рет  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіледі. Пилоттық жоба Алматы қаласында Ы.Алтынсарин атындағы №159 көп салалы гимназиясында басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.  Алғашқы сабақ 10-11 сынып оқушылары үшін қазақ тілінде өтеді. Оқушылар үшін арнайы дайындалған таңдау пәнін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп әзірледі. Жаңа пән 2018-2019 оқу жылында республика мектептерінің оқу бағдарламасына енгізіледі.  



 
Көрілді: 576
Жаңартылған: 12.12.2017 | 11:39
Категориялар: Қоғам, Басты жаңалықтар