Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мақтаралдағы балабақша болашақ полиглоттарды тәрбиелеуде

30.11.2017 | 12:57
Мақтаралдағы балабақша болашақ полиглоттарды тәрбиелеуде

«Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы "лингва франкасын" меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады». Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында осылай деген болатын. Президент тапсырмасына орай Мақтаарал ауданында үш тұғырлы тіл саясатын ұстанатын балабақша бар. Мұнда балалар қазақ, орыс тілімен қоса ағылшын тілінде де амандасып, санап үйреніп жүр. Шет тілін үйренуге балалардың құлшынысы зор дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Әбдіжаппарова. Себебі шет тілін меңгерту әдісі өзге сабақтарды оқытуға ұқсамайды. Мұнда жаңашылдық басым. Сабақта аудио, видеожазбалар қолданылады. Шетелде білім алып келген жас маман бүлдіршіндердің сабаққа ынтасын ашу үшін барын салуда. Ағылшын пәнінен білген-түйгендерін балалар тәрбие сағаттарында да бір-бірімен жарыса көрсетеді. Алдымен қазақша, сосын орысша, соңынан ағылшынша тақылдай тақпақ айтады. Білім саласы өкілдерінің сөзіне сенсек, өңірде соңғы 2 жылда үш тілді тәрбе беруге көшкен балабақшалар саны артып келеді. Мектеп жанына ашылған 350 шағын орталық қазір осынау жүйеде жұмыс жасайды. Онда 21 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақша түлектерінен болашақ полиглоттардың шығатыны анық. 

 
Көрілді: 306
Жаңартылған: 30.11.2017 | 13:00
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар