Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Оңтүстікте жастардың белсенділігі артып келеді

30.11.2017 | 12:39
Оңтүстікте жастардың белсенділігі артып келеді

     Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиясында жастардың уақытын тиімді пайдалану үшін оларды кәсіпкерлікке баулу, мәдени іс-шараларға тату, спортпен шұғылдануға жағдай туғызу керектігін айтқан болатын. Президенттің тапсырмасына орай Оңтүстікте жастар саясаты тиімді жүзеге асып келеді. Мәселен облыста «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, жалпы 13 жыл ішінде 15 мыңға жуық жас атсалысқан. 2017 жылы республикалық бюджеттен «Жасыл ел» бағдарламасына 63,1 млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді деп жазады ontustik.gov.kz. Басқарма басшының айтуынша, облыстағы жастардың саны 750 мыңға жуық адамды құрайды. Бұл облыс халқының жалпы санынан 26 пайызы екен.  «Бүгінгі таңда облыс бойынша 4 мыңнан астам ерікті жастар бар. Олардың қатысуымен жыл басынан бері 500-ден астам қайырымдылық іс-шаралар, ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облыстағы 12 жоғары оқу орындарының 6-да кәсіптік және өндірістік білім беру мамандықтарында оқитын 1106 студент облыстағы кәсіпорындар мен мен зауыт-фабрикаларда өндірістік тәжірибеден өтті», - деді Балмаржан Нарбекова. Бұдан өзге, түстік өңірдің ерікті жастары ЭКСПО қалашығында ұйымдастырылған байқаулар мен жарыстарда алдыңғы орындарды иеленсе, Қарағанды облысында өткен Республикалық Ерікті жастар слетынде командалық есепте Оңтүстік ерікті жастары бас жүлдені жеңіп алған. Облыс бойынша жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 5356 спорт ғимараты бар. Аталған спорттық нысандарда 210 мыңнан астам жас спортпен шұғылдануда. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында басқарма тарапынан жастар арасында ұмыт бола бастаған ұлттық спорт ойындарын насихаттау мақсатында асық, тоғызқұмамалақ сынды ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып келеді.

 
Көрілді: 345
Жаңартылған: 30.11.2017 | 12:41
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар