Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жасарған Отырар

30.11.2017 | 12:03
Жасарған Отырар

Кеше Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов бір топ құрылыс мамандарымен бірге аудан орталығындағы «Жібек жолы» даңғылы бойының абаттандыру жұмыстарын аралап көрді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Даңғыл бойындағы сәулеті келіскен кіші архитектуралық кескіндемелер басты көшенің ажары мен көркін арттырып тұр. Тұрғындар көп жүретін орындардағы демалыс алаңшалары, субұрқақ, орындықтар, қоқыс жәшіктері, аяқжолдар мен автотұрақтар, сондай-ақ балалардың бір сәт спортпен шұғылдануына арналған ойын алаңшасы халық игілігі үшін қызмет етпек. Бүгінде абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Аралау барысында әрбір жұмыстың сапасына ерекше мән беру керектігін айтқан аудан басшысы көше бойындағы тазалық жұмыстарына да көңіл бөлу керектігін тиісті мамандарға ескертті. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жерді түлету әр бір азаматтың қасиетті парызы екендігін ерекше атап өткен болатын. Бүгінгі таңда ауданда қызу қарқынмен атқарылып жатқан игілікті істер Елбасымыздың мақаласында айтылған мәселелермен астасып жатқандығының көрінісі болса керек.

 
Көрілді: 344
Жаңартылған: 30.11.2017 | 12:06
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар