Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Оңтүстіктің жүрегі - Мырзашөлде" мал шаруашылығы қарқын алған

30.11.2017 | 11:46

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев "Мырзашөл - Оңтүстіктің жүрегі" деп баға берген. Расында, Оңтүстіктің бренді мақта болса, ал мақтаның ордасы, отаны "Мақтарал ауданы" екені мәлім. Сонымен қатар, қазақылығы ұйып отқан, ауызбіршілігі бекем, еткен еңбегі мен аққан терінің арқасында жерден несібесін тауып отырған мақтаралдықтар көптеген салалардың көрсеткіші бойынша оқ бойы озып келеді.  Мәселен жергілікті шаруалар жайылым жерлердің аздығына қарамастан мал шаруашылығы мен ет шаруашылығын  ілгерілетуде. Тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда мұнда ірі қара мал саны екі мың басқа, жылқы саны 2,8 есеге, түйе саны екі есеге артып отыр. Ет өндіру 2,7 есеге, сүт өндіру 2,7 есеге өскен. Мал шаруашылығы бұрын соңды болмаған етті және сүтті бағыттағы ірі қара малдың жаңа тұқымдарымен толықтырылуда. Бүгінгі таңда, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиялық жоспарында айтылған кооперативтер құру тапсырмасына сәйкес, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заңды нәтижелі іске асыру мақсатында кооперативтерді құру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, кооперативтер құру бойынша аудан республикада көш бастады. 

 
Көрілді: 280
Жаңартылған: 30.11.2017 | 11:49
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар