Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Кәсіпкерлік қанатын жайған өлке

30.11.2017 | 11:24
Кәсіпкерлік қанатын жайған өлке

     Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясында : "Кез келген елдің экономикасының негізі - шағын және орта кәсіпкерлік" дей келе, оны дамыту үшін мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеген болатын. Мақтарал ауданы кәсіпкерлік субъектілерінің көрсеткіші бойынша облыста көш бастап келе жатқанын айта кетейік.  2017 жылдың 1 тамыздағы жағдайы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің саны 23 992 бірлікке жетіп, жалпы тіркеудегі субъектілердің 95,7%-ын құрады. Дәл осы салада 35 457 азамат жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлер өндірілген өнім көлемі мен көрсетілген қызметтері бойынша жыл басынан бері 18 миллиард теңге пайда тауып, бюджетке 268 миллион теңге салық түсірген. Міне, осындай іскер адамдардың арқасында аудан дамып келеді.  Мақтарал ауданында жаңадан ашылған кәсіпорындардың, өндірістің кеңеюі және жаңа өнім түрін шығару, индустрияның дамуы есебінен өңірде 30-ға жуық кәсіпорын ашылып, бүгінде он мыңдаған адам кемеңгер елбасымыздың дәл осы саясатының жемісін жеуде. «Үдемелі индустриалды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы  шеңберінде құны 4,3 миллиард теңгені құрайтын алты жобаға тиісті мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп іске қосылған және соның арқасында жаңадан 525 жұмыс орындары ашылған. Олардың қатарында "Қаз Мақта" тұқымдық шит зауыты, қозапаядан құрылыс тақтайшаларын өндіретін "Сапа Инвест Плюс" зауыты, медициналық мақта өндіретін "Атамекен" ЖШС, "Мырзакент" ЖШС заманауи мақта зауыты, "Хая РУЖ" аяқ киім өндірісі фабрикасы, "Арсенал сад" өндірістік бауы бар.

 
Көрілді: 281
Жаңартылған: 30.11.2017 | 11:27
Категориялар: Қоғам, Қоғамдағы басты жаңалықтар